Мәңгілік жадымызда сақталар-ұмытылмас естеліктер...

Мәңгілік жадымызда сақталар-ұмытылмас естеліктер...

Қостанай өрт сөндіруші-құтқарушылар мұражайы тарихты білуге құмар жандар үшін есіктерін айқара ашады.
Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы Сейілова Роза Кенжебайқызы өзінің әкесі жайлы біршама естеліктермен мұражай қоржынын толықтырды.
2022 жылы қыркүйек айында әкесінің 100 жасқа толуына байланысты ол үйде сақталған кейбір маңызды құжаттарды, фотосуреттер мен әкесінің хаттарын әкеліп табыстады.
"Жастар өмірден озған алпауыт азаматтар туралы білуі тиіс. Дегенмен де батыл ерліктері мен жауапкершілігі мол адамдар туралы, өз жұмысына берілген, жоғары кәсібилігі мен өмірге деген сүйіспеншілігі бар жандар жайлы естеліктер жетерлік, " - дейді Роза Кенжебайқызы.
Сейілов Кенжібай 1922 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 19 жасында майданға шақырылды. Ол 1945 жылдың қазанына дейін Воронеж, Украина және Балтық майдандарында соғысқан. Қатардағы жауынгерден взвод командиріне дейінгі жолдан өтті. Екі рет «Ерлігі үшін», сондай-ақ «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен және 12 мерейтойлық медальдармен марапатталған. Минск, Вильнюс, Митава, Шауляй қалаларын азат етуге қатысқаны үшін Жоғарғы бас қолбасшыдан 7 алғыс хат алған.  Соғыстан кейінгі жылдары «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.
1946 жылдың ақпан айынан бастап майданнан демобилизациядан кейін 24 жасында Жетіқара аудандық қаржы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді, кейін Мәскеудегі мұғалімдер институтына оқуға түседі. Алайда ол отбасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, оқуын тастап, отбасының игілігі үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Ол мұғалім, Марининск пунктінің меңгерушісі, салық агенті, хатшы – статист болды. Көп ұзамай еңбек қызметі оны өрт сөндірушінің жұмысына алып келді.
Өртке қарсы қызметте ол 1950 жылдың қазанынан 1976 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді. Қызметін 28 жасында бастап, 54 жасында зейнетке шықты.
Алдымен ол Қостанай облысы ІІМ Семиозер аудандық бөлімшесінің өрт күзетінің аға инспекторы, содан кейін Рудный қаласы ІІМ өрт күзеті инспекциясының бастығы, Жетіқара қаласында өрт күзетінің инспекторы, сонымен қатар іздестіру жөніндегі аға инспектор болып қызмет атқарды. Ал 1969 жылдан 1976 жылға дейін Қостанай ауданының мемлекеттік өрт қадағалау инспекциясы бөлімшесінің бастығы болып тағайындалған.
Оның жұмысы кезінде Қостанай ауданы облыстағы өртке қарсы қызмет көрсеткіштері бойынша бірінші болып жүлделі орындарға ие болды.  Бұл мұражайға берілген материалдардың тігіндісінде бар.
Кенжебай Сейілов ҚР ІІМ өрт күзетінің үздік инспекторы атағымен марапатталған. Әріптестер ол туралы өз жұмысында жоғары кәсіпқойлыққа қол жеткізген батыл, ержүрек адам ретінде айтып отырады. Ол ешқашан ар-ұжданына қарсы шықпаған. Бұл оның басты ерекшелігі.  Сондықтан ол қол астындағылардан дәл сондай қасиетті талап етті. Егер ол қандай-да бір объектінің өрт қауіпсіздігіндегі кемшіліктерді көрсе, ол оны ашуға рұқсат бермеді.
Қызы есіне біраз қызық естеліктерді жинақтапты: "Маған бірнеше рет, «Сенің әкең – шақпақтас»- деп айтатын. Олар сондай-ақ: «Сейілов айтса, Сейілов жасайды», - дейтін. Бұл қасиет өзінің майдандағы кәсібінен, яғни барлаушының «мамандығынан» деседе болады".
Әріптестері оны өмірге деген төзімділігі үшін, қызметтік мінезі мен мағыналы әзілі үшін құрметтіп, жақсы көретін.  Ол 6 баланы тәрбиелеген өте мейірімді және сүйікті әке болды.

Қостанай облысының
«ТЖД ӨС және АҚЖҚ»
ММ баспасөз қызметі