Қауіпсіздік күзетінде «Сокол-Агро» ӨК «Олжа Ряжское» ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорын базасында жаңа бекет ашылды

Қауіпсіздік күзетінде «Сокол-Агро» ӨК «Олжа Ряжское» ЖШС  ауыл шаруашылығы кәсіпорын базасында жаңа бекет ашылды

Бұл оқиға тек Сокол тұрғындарына ғана емес сонымен қатар жақын мандағы Сатай, Троебратское және Федоров ауылдық округтері үшін де маңызды болып табылады. Мұндағы кезекшілікті еріктілер атқаратын болады. Жергілікті билік жауынгерлер үшін арнайы киім мен жабдық сатып алды. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті берген өрт сөндіру автокөлігі бекеттің жарағында тұр. Ол «Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі»ММ-нің балансында.
Тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікті ауыл тұрғындары арасынан 2 адамнан тұратын жеке құрам атқарады. Жеке құраммен Ұзынкөл ауданының 19-ӨСБ базасында оқыту өткізілді.
«Сокол-Агро» ӨК «Олжа Ряжское» ЖШС  кәсіпорыны бүгінгі таңда бекетті жылытылатын көлікжаймен және телефон байланысымен қамтамасыз етті.
​Ашылу салтанатына Ұзынкөл ауданының әкімі Мұрат Сандыбаев, Қостанай облысының ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асылхан Құдайбергенов, сондай-ақ Ұзынкөл ауданының ТЖБ ұжымы, тұрғындар, ауыл белсенділері қатысты.
 "Ауылдарда бекеттер ашу өрт сөндіру есебінің келу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, құрылған өрт сөндіру бекеті 5 елді мекенде өрттің алдын алады. Ауыл тұрғындары үшін өрт сөндіру бекетінің ашылуы маңызды оқиға болып табылады, " - деп атап өтті Мұрат Сандыбаев. ​
Сондай-ақ, аудан басшысы жаңадан ашылған бекет барлық қажетті талаптарға сай екеніне назар аударды.
Енді өрт сөндіру бөлімі тәулік бойы кезекшілік атқарады, ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі - маңызды функциялардың бірі, өйткені адам өмірі мен денсаулығы басымдық болып табылады, - деп атап өтті Мұрат Сандыбайұлы. ​
Өрт сөндіру бекетінің ашылуына жергілікті тұрғындар ерекше қуанады, өйткені бұл елді мекен аудан орталығынан едәуір қашықта орналасқан.
Өрт сөндіру көлігінің келуі көп уақытты қажет етеді, бұл әлбетте өрттің өршуіне әкеп соғады. Жаңа бекеттің пайда болуымен Сокол ауылының тұрғындары өртті өз бетінше сөндіре алады. Жаңа өрт сөндіру бекеті пайда болғанға дейін тұрғындар ауданнан көмек күтетін. Ауыл тұрғындары қазір сенімді қорғаныста екендігін және жалын ендігі олардың егістіктері мен жайылымдарын жоя алмайтындығын атап өтті.
​"Өрт сөндіру бекетінің ашылуы-бұл сөзсіз оқиға. Аудан үшін де, тұрғындар үшін де, сонымен қатар біз үшін де қуанышты бастама. Себебі бұл өрт сөндіру бекетін құру негізгі өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт пен өртке жауап берудің нормативтік уақытын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Демек, біз адамдарды қорғап, мүлікті сақтай аламыз, " - деп атап өтті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асылхан Құдайбергенов.
Іс-шара соңында қатысушылардың назарына өрт сөндіру көлігінің шығуы және жеке құрамның сапқа тұруы ұсынылды.​
Дәстүр бойынша өрт сөндіру бөлімі жеке құрамына «құрғақ жеңдер» мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуде жедел ден қою тілегі айтылды.​

Қостанай облысының ТЖД
Ұзынкөл ауданының ТЖБ