Қарттар күні

Қарттар күні

1 қазан-Халықаралық қарттар күні. Бұл күн бізге аға буынды сақтау және құрметтеу керектігін еске салуы керек. Атаулы мейрам  күні біз оларға өз махаббатымызды, құрметімізді және қоғамымыздың дамуына сіңірген еңбегі үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Қарттар күні мерекесі аясында Қостанай қаласы ТЖБ қызметкерлері Қостанай облысы бойынша азаматтық қорғау органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мельниковпен бірге бұрынғы әріптесі, қазіргі зейнеткер, өртке қарсы қызмет ардагері Ордабаев Базарбекті құттықтап, барып қайтты.
Қостанай қаласының ТЖБ ұжымы барлық қарттарды осы таза және жарқын мерекемен құттықтайды. Біздің әрқайсымыз қарт адамға көмек, көңіл және қамқорлық көрсетуде азаматтық белсенділік танытуымыз керек!

Қостанай облысының ТЖД
Қостанай қаласының ТЖБ