Қостанай облысындағы Обаған өзеніндегі қайғылы оқиға

Қостанай облысындағы Обаған өзеніндегі қайғылы оқиға

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 1 маусым күні Обаған өзенінде сағат 19:50-де қайғылы оқиға орын алып, екі баланың анасы суға батып кетті.
Балаларды қорғау күнінде әйел Құсмұрын кентіндегі достарымен бірге су қоймасында болған, онда куәгерлердің айтуынша, спирттік ішімдіктер ішіп, соның салдарынан қайтымсыз оқиға орын алған.
Азаматтардың суға шомылуға жабдықталмаған жерде болғаны, сол арқылы өздеріне қауіп төндіргені және қайғылы салдарға ұшырағаны белгілі болды.
Сол күні Қостанай облысы ТЖД ЖҚЖ қызметкерлері 1990 жылы туылған азаматшаны  іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жағадан төрт метр арақашықтықта және екі метр тереңдікте табылғаны анық болды .
Іздеу кезінде сүңгуірлер бұл аймақта өзен түбінің рельефінің күрт көлбеуі бар екенін растады.
Соңғы бес жылда аталған учаскеде қаза тапқандар болған жоқ.
Құрметті Қостанай облысының азаматтары суда болған оқиғаларға жол бермеу мақсатында келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз:
- қауіпсіздік белгілерінен тыс жүзбеңіз, тамақтанғаннан кейін және алкогольдік масаң күйде бірден шомылмаңыз;
- бейтаныс жерлерде суға түспеңіз, көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден суға секірмеңіз;
- тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
- балалар тек ересектердің бақылауымен шомылуы керек;
- шомылу кезінде камераларды, доптарды, тақтайларды пайдалануға тыйым салынады;
- жалған сигналдар бермеңіз;
- өтіп бара жатқан катерлерге, қайықтарға және гидроциклдерге жүзіп бармаңыз.
Қостанай облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!!! Су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын бұзу жазатайым оқиғаларға алып келеді.

Қостанай облысының ТЖД
АҚ басқармасы