Қостанайда автокөлік өртенді

Қостанайда автокөлік өртенді

13 сәуір күні сағат 07:39-да 101 пультіне Мәуленов көшесі бойында орналасқан облыс орталығындағы бес қабатты тұрғын үйдің ауласында Volkswagen маркалы автокөлік жанып жатқаны жайлы  хабарлама келіп түсті.
Сағат 07:46-да Қостанай 5-ӨСБ өрт сөндірушілері оқиға орнына келгенде, үйдің жанында тұрған автокөлік ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.   Жылу әсерінен терезе жақтаулары өртеніп, үйдің 1-ші және 2-ші қабаттарында терезелер жарылған болатын.
Өрт сөндірушілердің жедел және сауатты іс-әрекеттерінің арқасында оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Сағат 07:57-де өрт толығымен сөндірілді.
Оқиға орнында 2 бірлік АЦ-40 техникасы және жеке құрамнан 10 қызметкер жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелерін көлік құралдарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

 Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы