Құтқарушылар жүргізушіні кептеліп қалған трактордан шығарып алды

Құтқарушылар жүргізушіні кептеліп қалған трактордан шығарып алды

Оқиға 11 сәуірде сағат 17:30-да Амангелді ауданының ТЖБ байланыс пунктіне шаруа қожалықтарының бірінің басшысының тракторы тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Тұрғын Мұқан-Түбек қыстағынан Байғабыл ауылына қарай мектеп жасындағы балаларын үйлеріне апару үшін Қарабөгет бөгеті арқылы келе жатқан, алайда кері жолда бөгеттің бойымен өткен кезде, оның тракторы суда қалып қойған. Ер адам көлік кабинасынан шығып, тракторды өз күшімен  шығаруға тырысты, бірақ ол сәтсіз аяқталды, кейін ер азамат ауыл тұрғындарын көмекке шақырған болатын. Олар өз кезегінде оқиға орнына екі трактормен келген еді. Көптеген қиындықтарды енсере отырып олар көлікті судан шығаруға тырысты, барлығы сәтсіздікпен аяқталғандықтан, нәтижесінде олар «112» құтқару қызметіне хабарласты.
Оқиға орнына ТЖБ 1 қызметкері, №26 ӨСБ 1 қызметкері және 1 бірлік Нива ВАЗ техникасы келді. Құтқаруға «Амангелді жолы» ЖШС-де (1 тех.бірл. және 1 қызметкер) жұмылдырылды. Трактор ойыстан шығарылды, ер адам медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
Көліктің терең шұңқырға түсуі бірнеше мүмкін қиындықтарды тудыруы мүмкін: су қозғалтқышқа кіруі ықтимал немесе шығатын түтікке түсіп, сымдарды сулауы әбден мүмкін. Тиісінше, бұл айтарлықтай шығындарға әкеледі. Су тосқауылымен жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, егер мүмкін болса, су ойықтарын айналып өтіңіз, себебі кедергінің тереңдігін алдын-ала анықтау қиын. Ең бастысы, синоптиктердің болжамын қадағалаңыз және су тасқыны кезеңінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз.
Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай құтқару қызметінің «112» нөміріне немесе «101» нөміріне қоңырау шалу қажет екенін ескертеді.

«Қостанай облысының ТЖД ӨС және АҚЖҚ»
ММ баспасөз қызметі