Су тасқыны жағдайы бақылауда

Су тасқыны жағдайы бақылауда

Қостанай облысы су тасқынының белсенді кезеңіне өтті. Өткен демалыс күндері облыстың бірқатар аудандарында, қала маңындағы Дружба кентінде, сондай-ақ оңтүстік айналма каналы аймағында еріген суды сору, құм салынған қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Құтқарушылар, коммуналдық қызметтер және мердігерлік ұйымдар бірлесе күш салып, қауіпті аймақта қалған тұрғын үйлерді су басудан аман алып қалды.
Облыстық жедел штабтың мәліметі бойынша Төменгі Шортанды, Жоғарғы Шортанды, Желқуар, Қызылорда, Қаратомар, Сергеев және Амангелді су қоймаларындағы жауын-шашын мен су деңгейіне күнделікті бақылау ұйымдастырылды.
2021 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша өзендердің қауіпті учаскелерінде 26 гидробекет жұмыс істейді, күн сайын мұздың қалыңдығы өлшеніп отырады.
Гидротехникалық құрылыстарда су қоймаларындағы су деңгейін бақылауды жүзеге асыратын кезекші бригадалар бар. Мамандар жергілікті жерлердегі жағдайды үнемі қадағалап отырады. Бақылау бекеттерінде қосымша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Тобыл және Аят өзендерінде мұз қату байқалып отыр. Өзендер деңгейі күрт көтерілусіз және су басусыз ағуда.
Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен: Орынбор, Челябі және Қорған облыстарымен су қоймаларына су жіберу бойынша күн сайын ақпарат алмасуқолға алынған.
«Қазсушар» РМК деректері бойынша Жоғарғы Тобыл су қоймасының көлемі 485,82 млн.м3 (толық 816,6 млн. м3) және Қаратомар су қоймасының көлемі-261,1 млн. м3 (толық 586 млн. м3) құрайды.
Қарасу ауданының өзен бассейндерінде қарқынды қар еруі байқалып, еріген ағын қалыптасып отыр.
Қостанай облысының ТЖД көктемгі мұз қату кезеңінде мұздағы қайғылы жағдайларды болдырмау үшін өзендер мен су қоймаларының арналарынан өтпеугекеңес береді. Ата-аналар бақылауды күшейтіп, балаларды жазатайым оқиғалардан қорғауы қажет.

 Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы