Облыстың орман шаруашылығы қызметкерлерімен семинарлар

Облыстың орман шаруашылығы қызметкерлерімен семинарлар

Наурыз айының соңында Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (қосымшаның «ZOOM» құралы бойынша) және Департаменттің аумақтық бөлімшелері, әрбір орман шаруашылығы мекемесімен, сондай-ақ Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы және «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватымен «Орманды дала өрттерінен алдын алу іс-шаралары», «Орманды дала өрттерін сөндіру тактикасы», «Өрт сөндіру штабын ұйымдастыру және оның орман өрттерін сөндіру кезіндегі жұмысының ерекшеліктері» және «Ормандағы өртке қарсы қағидалар» тақырыптарында оқыту семинарларын өткізді.
Облыс аумағында өрт қауіпті кезең 12 сәуірден бастап басталады. Бұл уақытта ауылдық елді мекендерде, орман учаскелерінде және ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің, қоқыстың тұтануына байланысты өрттердің саны күрт артып келеді.
Өрттің едәуір бөлігі бұл бақыланбайтын ауылшаруашылық алқаптарына байланысты, ормандар отты абайсыз пайдалану салдарынан жалындайды. Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен (қоқыс пен шөпті жағу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен (алау жағу, темекі шегу кезіндегі абайсыздық және т.б.) байланысты.
Рұқсат етілмеген күйдіру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз өртеу, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталмағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін Сіздің назарларыңызды аударамыз.
Табиғи өрттердің туындау қаупін төмендету мақсатында халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет:
- жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға және темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді сілкіп тастауға жол берілмейді;
- жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек бар кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының астында от жағуға жол берілмейді;
- шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті шоғырландырып, өртеп жіберуі мүмкін;
- алау жағу ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асырылады. Алау жермен мұқият жабылады немесе бықсу толық тоқтағанға дейін сумен құйылады;
- қатты жел болғанда үлкен от жақпаңыз. Отты қараусыз қалдырмаңыз;
- орман және дала алқаптарынан елді мекендерге оттың өтуіне жол бермеу үшін жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумақтарын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу.

Қостанай облысының ТЖД МӨББ