Қостанайлық өрт сөндірушілер Б. Майлин ауданындағы үйлерді су басу қаупінен сақтап қалды

Қостанайлық өрт сөндірушілер Б. Майлин ауданындағы үйлерді су басу қаупінен сақтап қалды

Қардың еруі тіпті су объектілерінен едәуір үлкен қашықтықта орналасқан үйлердің тұрғындарына қиындық тудырады.
Қостанай қаласының 1-МӨСБ қызметкерлері Б. Майлин ауданындағы Әйет ауылының тұрғындарына су басудан қорғану бойынша көмек көрсетті.
2021 жылдың 5-ші сәуірінде осы елді мекенде ауданның қауіпті аймақтарын аралау кезінде Степная көшесіндегі ойпатта еріген қар суының ағуынан қазаншұңқыр пайда болғаны анықталды. Осы көшеде орналасқан аула аумақтарына су басу қаупі төнді.
Сағат 18:42-де ауылға Қостанайдан келген арнайы техника: өрт-сорғы станциясы және сорғы-жеңдік автокөлік және жеке құрамнан 4 қызметкер еріген суды сору бойынша жұмысқа кірісті. Ол үшін өрт сөндірушілер ұзындығы 1,5 шақырым болатын көше бойымен жең желісін салуға мәжбүр болды, сол арқылы олар бұрынғы саз карьеріне су жіберді. Барлығы 1500 текше метр су сорылды.
Сол күні ауыл әкімдігінің мамандары ауылдың ойпатындағы қарды шығару және суды сору жұмыстарын жалғастырды. Әйет ауылына су бұру бойынша көмек көрсету үшін Бейімбет Майлин ауданының №16 өрт сөндіру бөлімінің және №17 өрт сөндіру бекетінің 15 қызметкері, 3 мотопомпа және 2 бірлік техника жіберілді.
Кешке қарай барлық учаскелерде жұмыс аяқталды, үйлерді су басу қаупі жойылды. Барлығы 2 486 текше метр еріген қар суы сорылды.

Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы