Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері екпе қабылдады

Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері екпе қабылдады

Қостанай облысында коронавирусқа қарсы екпені Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ала бастады. Естеріңізге сала кетейік, вакцинация егілушінің келісімімен ерікті түрде жүргізіледі.
5 ақпанда сағат 10:00-де Департамент қызметкерлері антиковидті вакцина алды. Департамент бастығы Б.Кәрімов және оның орынбасарлары бастаған 10-нан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады.
Вакцинациядан бұрын еріктілер медициналық тексеруден өтеді. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, олар процедураға жіберіледі. Алғашқы 30 минутта қызметкерлер дәрігердің бақылауында болды. Кейін 3 күн аралығында олар тіркелген жердегі учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.    Сонымен қатар, әрбір вакцинацияланған адамға вакцинаның ықтимал жанама әсерлері және осындай әсерлер пайда болған жағдайда олар жүгіне алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.    Қазіргі уақытта жанама әсерлерге қатысты шағымдар түскен жоқ, дейді дәрігерлер.
Департамент қызметкерлері осал топқа кіретін контингент, өйткені апаттық-құтқару немесе профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында өзінің күнделікті қызметінде халықпен үнемі байланыста болады.   Қауіпті азайту үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларға вакцинация қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация 1 ақпанда басталды.

Қостанай облысының ТЖД