«Апатқа ұшыраған әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын іздестіру және құтқару» тақырыбындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

«Апатқа ұшыраған әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын іздестіру және құтқару» тақырыбындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

2020 жылғы 23 желтоқсанда «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ әуеайлағының оқу-жаттығу полигонында КТУ өтті.
Оқу-жаттығу барысында ұшақтың авариялық қонуының салдарын жоюға күштер мен құралдардың дайындығы тексерілді, сондай-ақ құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу кезінде практикалық өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.
Оқу-жаттығу желісі бойынша сағат 11:00-де Қостанай қаласы әуежайының шұғыл әрекет ету қызметі дабыл бойынша жасақталды. Техникалық ақаулық нәтижесінде бортында 15 жолаушысы және 6 экипаж мүшесі бар SUKHOI SUPERJET әуе кемесі Щербаково елді мекенінің маңында едәуір үлкен күшпен апаттық жағдайда қону жасайды.
Ұшақтың авариялық қонуы кезінде шассидің бұзылуына байланысты өрт пайда болған. Бұл өз кезегінде жанармай жүйесі мен ұшу аппараты корпусының жоғалуына алып келді, кейін жанармай төгіліп, өрт шықты.   Жолаушылар мен экипаждың өміріне қауіп төнді.
ТЖ салдарын жою үшін оқиға орнына бірінші болып әуежайдың ұшуды қамтамасыз ететін іздестіру авариялық-құтқару жасағының қызметкерлері келді, кейін оларға көмекке облыс орталығының авариялық-құтқару қызметтері - ҚҚБ, Қостанай қаласының 3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері, «Апаттар медицинасы орталығы» филиалы және жедел жәрдем келді.
Апат болған жерге келгеннен кейін өрт сөндірушілер күштер мен құралдарды өрістетіп, өртті жоюға кірісті. Жанып жатқан отынды сөндіру үшін олар көбік шабуылын қолданды. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ұшақтың апаттық қону орнын тексеріп, жолаушылар мен экипаж мүшелерін құтқаруды ұйымдастырды. Жедел жәрдем және АМО қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.   Медициналық көмекке мұқтаж емес жолаушыларға психологтар кеңес берді.
Өрт сөндірушілердің міндеті - салонда қалған жолаушыларды табу. Құрамында 3 өрт сөндіруші бар газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны  «Драгер» маркалы тығыздалған ауадағы аппараттарға қосылды. Олар барлық зардап шеккендерді тауып, өз іс-әрекеттерін жедел әрі үйлесімді пысықтады.  Өрт уақытында сөндірілді.
Оқу-жаттығуды қорытындылау кезінде ТЖД басшылығы мен әуежай әкімшілігі барлық жауапты қызметтер қойылған міндетті орындағанын, барынша тез және жедел жұмыс істегенін атап өтті.

 

 ТЖ алдын алу бөлімі
Қостанай облысының ТЖД