Қостанайда екі баланың өрттен қаза болу фактісі бойынша брифинг өтті

Қостанайда екі баланың өрттен қаза болу фактісі бойынша брифинг өтті

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өңірлік БАҚ өкілдерімен брифинг өтті. Кездесуге ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні кешке Денисов ауданы Фрунзенское ауылында екі баланың өмірін қиған қайғылы оқиға себеп болды.
Оқиға туралы облыстық ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А.Орымбаев егжей-тегжейлі баяндап берді.
Спикердің айтуынша, кеше түстен кейін Фрунзе ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. 12 ш.м. жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары өртенген. Ата-анасы көрші Аят ауылына азық-түлік алуға кеткен. Бұл уақытта үйде екі бүлдіршін қалған: төрт жасар Екатерина және екі жасар Кирилл.
Екі баланың денесін  ата-анасы анықтаған. Олар өрт болған жерге бірінші болып келген. Зардап шеккен балаларды каустикалық түтінге толы үйден ерлі-зайыптылар жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізді. Ол кезде балалардың жағдайы қалыпты болған. Алайда, сағат 17:15-те дәрігерлер олардың клиникалық өлімін анықтады, балалар ес жимастан көз жұмды. Өрт 17:11-де «Фрунзенское» ЖШС ЕӨҚ күшімен сөндірілді. Оқиға орнына мемлекеттік өртке қарсы қызмет шақырылмаған. Өрттің ықтималды себебі ретінде мамандар балалардың отпен ойнауын қарастырады. Алдын ала болжам бойынша балалардың өлімі жану өнімдерімен улану нәтижесінде орын алған. Оқиға орнына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Облыстық ТЖ өкілі қаза тапқан балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Денисов ауданының ТЖ бөлімінің ақпараты осы мекен-жай бойынша аулаларды аралауды ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізді.
А.Орымбаев ата-аналарға өтініш білдірді: «ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарынан жас балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды! Ата-аналар өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша жауапкершілікпен қарау, тұрмыстық электр аспаптары мен пешпен жылытудың жарамдылығын мұқият қадағалау, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттарды (сіріңкелер мен оттықтар, дәрі-дәрмектер, шаншу-кесу және басқа да қауіпті заттар) балаларға қолжетімді жерлерде қалдырмау қажет. Есіңізде болсын: балаларыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!»
Брифингтің екінші бөлімінде ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Төлендин телекөрермендерге балаларды өрт кезінде қаза мен жарақаттанудан қалай сақтау керектігін еске салды.
Кездесуде қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Қоғаммен байланыс тобы
Қостанай облысының ТЖД