
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Т.К. Абдировтың төрағалығымен аумақтық бөлімшелердің бастықтарымен бейнеконференцбайланыс форматында Қазақстан Республикасы ТЖМ әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында әскери бөлімдерді жас толықтырумен толық әрі сапалы жасақтауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Шақырылушыларды уақтылы зерделеу және іріктеу, белгіленген нарядты орындау, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен, жергілікті атқарушы органдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелердің басшыларына кандидаттарды сапалы іріктеуді, шақырылушыларды уақтылы ұсынуды және белгіленген нарядтың сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ТЖМ әскери бөлімдеріне командаларды жөнелту мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу тапсырылды.