
Қостанай облысы ТЖД-де «ҚР ҚПК-нің 105-бабы тәртібімен келіп түскен шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ өтті.
Іс-шараға Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің анықтаушылары, құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің мамандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Нұрғали Ахметов қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға ҚР ҚПК-нің 105-бабының талаптары, қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібі, сондай-ақ оларды СДТБТ ақпараттық жүйесінде тіркеу ерекшеліктері түсіндірілді.
Шағым бойынша мәліметтерді дұрыс енгізуге, оларды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауға, жауапты орындаушыларды айқындауға, процестік шешімдер қабылдауға және қарау нәтижелерін ақпараттық жүйеде көрсетуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ келіп түскен шағымдарды бастапқы қабылдау және тіркеу, оларды жауапты орындаушыларға уақтылы жолдау және белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылау мәселелері қарастырылды.
Семинар-сабақ қорытындысы бойынша қатысушыларға қызметтік жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша практикалық түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.