Құтқарушы мамандығымен танысу

Құтқарушы мамандығымен танысу

Қостанай облысы ТЖД-де Еңбек күніне арналған, еңбек адамына деген құрметті арттыруға және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған іс-шара өтті.

Балаларға кәсіптік бағдар беруге ерекше көңіл бөлінді. Оларға өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы, қызметтің ерекшеліктері, күнделікті міндеттері және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың жауапкершілігі туралы айтылды.

Қатысушылар өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің жұмысымен танысып, төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын арнайы техника мен жабдықтарды көрді.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың еңбекке деген құрметін қалыптастыруға, құтқарушы мамандығы туралы түсінігін кеңейтуге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді.

Еңбек — кәсібиліктің, жауапкершіліктің және қоғамға қызмет етудің негізі!