Қостанай облысында «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Қостанай облысында «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығу аясында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Республикалық жедел штабтың отырысы өтті. Сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде облыстық жедел штабтармен байланыс ұйымдастырылып, өңірлердің өрт қауіпті кезеңге дайындығы талқыланды.

Сонымен қатар жедел ақпарат алмасу, шартты төтенше жағдайлар кезінде шешім қабылдау алгоритмдері және қойылған тапсырмаларды орындау тәртібі қарастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Аблайұлы Төрегелдиев және Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов қатысты.

29 мамыр күні оқу-жаттығудың практикалық кезеңі ұйымдастырылып, табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-шара өткізіледі.