М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті түлектері үшін жұмыс берушілер күні

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті түлектері үшін жұмыс берушілер күні

Қостанай облысының ТЖД мен «М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум шеңберінде, Департамент қызметкерлері «М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ алаңында ұйымдастырылған жұмысшы кәсіптер жылына арналған «Жұмыс берушілер күні» атты іс-шараға қатысты.


Іс - шараның басты мақсаты - болашақ мамандармен тікелей диалог жасау үшін тиімді коммуникациялық орта құру.
Осылайша, түлектер мен студенттерге Департаменттің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен кездесуі аясында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен негіздері, оның артықшылықтары, мүмкіндіктері мен болашағы түсіндірілді.Жоғары оқу орнының түлектері Департамент қызметкерлерінен азаматтық қорғау органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімшелеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша толық ақпарат ала алды.