Қостанай ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастық алаңына айналды

Қостанай ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастық алаңына айналды

Қостанай қаласында Қазақстан ТЖМ мен АҚШ делегациясының 🇺🇸🇰🇿 қатысуымен су тасқыны мен селдің алдын алу және оларды жою саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі халықаралық іс-шара өтуде.

 Кездесуді өткізуге негіз болған — Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы жолдаған нота-хаты.

 Сапар аясында америкалық делегация Қостанайға келіп, бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен бірлескен жұмыс кездесулерін бастады. Іс-шара Қазақстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Жылқайдаров Ә.Д. және Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығының қатысуымен өтуде.

 Қатысушылар су тасқыны салдарын жою бойынша практикалық кейстерді және төтенше жағдайлардың алдын алудың заманауи тәсілдерін талқылады.

 Іс-шараның негізгі мақсаты — су тасқыны қаупіне әрекет ету саласындағы озық тәжірибемен алмасу, өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің тиімділігін арттыру.

 Ерекше назар командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізуге аударылды. Оның барысында ерте ескерту жүйесінің элементтері мен күштерді үйлестіру тетіктері пысықталуда.