
Жиынға Төтенше жағдайдарды жою басқармасының бастығы Ахметов Айдос қатысты. Қазіргі таңда Қостанай облысында 8 мыңнан астам су айдыны бар. Облыс бойынша 226 жабдықталмаған, қауіпті стихиялық шомылу орны анықталған.
2025 жылы облыс аумағында судағы оқиғалар салдарынан 21 адам қаза тапқан. Оның ішінде: тыйым салынған жерде шомылған; алкогольдік мас күйде суға түскен; өз күшін дұрыс бағаламаған; балық аулау кезінде болған.
Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес өңірде шомылуға рұқсат етілген 25 ресми орын белгіленген. Оның ішінде:
* 6 коммуналдық жағажай;
* 19 жеке жағажай.
Биыл қосымша тағы 3 коммуналдық жағажайды ресми тізімге енгізу жоспарланып отыр. Олар: Рудный қаласы; Лисаковск қаласы; Қарабалық ауданы.
Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін облыстық ТЖД күштері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар, қауіпті аумақтарда 6 мобильді құтқару бекеті жұмыс істейтін болады. Олар: Гагарин бөгеті; Орталық жағажай; КЖБИ көпірі; Қонай тұрғын алабы; Ақжар су қоймасы;
Жітіқара қаласындағы Шортанды өзені.
Құтқарушылар тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:
* тек рұқсат етілген жағажайларда шомылу;
* балаларды қараусыз қалдырмау;
* мас күйде суға түспеу;
* қауіпсіздік белгілеріне назар аудару.