Қостанай облысы ТЖД-де Жеңіс күніне арналған футбол турнирі өтті

Қостанай облысы ТЖД-де Жеңіс күніне арналған футбол турнирі өтті

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Жеңіс күніне арналған футбол турнирі өтті.

Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен ТЖД бөлімшелерінің командалары қатысты. 6 аймақтық іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша финалдық кезеңге үздік 12 команда жолдама алып, жоғары дайындық деңгейін, командалық рух пен жеңіске деген жігерін көрсетті. 

 1 орын — Арқалық қаласы ТЖБ;
 2 орын — Қостанай қаласы ТЖБ ӨСБ-5;
 3 орын — Қамысты ауданы ТЖБ.

Турнир номинациялары:

 «Үздік қақпашы» — Арқалық қаласы ТЖБ МӨСБ-4 жүргізуші-қызметкері Қадырхан Елқоныс Серікұлы;

«Үздік қорғаушы» — Қамысты ауданы ТЖБ ӨСБ-18 өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Баяхметов Арыслан Адильбекович;

«Үздік ойыншы» — Арқалық қаласы ТЖБ МӨСБ-4 өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Төлеухан Нариман Ерланұлы.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Осындай іс-шаралар қызметкерлер арасында командалық рухты нығайтып, дене дайындығын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ет!