
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шара Қостанай қаласындағы «Жеңіс саябағы» мемориалдық кешенінде өтті.
Мерекелік шара барысында жиналғандар майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Батырлардың жанқиярлығы мен ел тыныштығы жолындағы ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі, мәңгілік тағылым екені атап өтілді.
Бүгінде құтқарушылар мен азаматтық қорғау қызметкерлері де ата-баба аманатына адал болып, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде.
Ұлы Жеңіс – ел тарихындағы өшпес ерлік пен бірліктің символы. Ардагерлердің ерлігі әрдайым жадымызда сақталады.