Қостанай облысы ТЖД Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр Отан Қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қостанай облысы ТЖД Ұлы  Отан Соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр Отан Қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іс-шара аясында басшы құрамның арнаулы және іскери атақтары мерзімінен бұрын Қостанай қаласы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Берикбаевич Махмутовқа азаматтық қорғау полковнигі атағы берілді.

Басшы құрамның арнаулы атағы атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары Қостанай облысы ТЖД Бейімбет Майлин ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дмитрий Юрьевич Ждановқа азаматтық қорғау полковнигі атағы берілді.

«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»төсбелгісімен ТЖД бастығының орынбасары Қанат Қуатович Қиылманов наградталды.

«Құтқарушы» төсбелгісімен Қостанай қаласы ТЖБ №1 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Дархан Айдарханович Орымбаев наградталды.

ҚР ТЖМ грамотасымен:
Қостанай қаласы ТЖБ №5 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Руслан Мейрмханович Инертбаев марапатталды. Бұдан бөлек, Жангелдин ауданы ТЖ бөлімі №27ӨСБ өрт сөнбіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға-сержанты Бекзат Бауыржанұлы Есқали марапатталды. ТЖД Жедел-құтқару жасағы басшысвның орынбасары-құтқарушы Сергей Адольфовит Шмидт наградталды.

ҚР ТЖМ Алғыс хатымен:
ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Қазандық,газ шаруашылығы және көтергіш құрылыстар обьектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Валерий Сергеевич Мосин марапатталды.

Салтанатты іс-шара аясында көпжылдық әрі мінсіз қызметі,төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Қостанай облысы ТЖД Алғыс хатымен бірқатар ардагерлер Исмаилов Сарсенбай Бутаевич, Исмагулов Серик Кенисович, Пикин Александр Алексеевич марапатталды.

Ал «Ардагер-Ветеран» төс белгісімен Маусымбаев Жаркен Мажитовичқа берілді. «ҚР ТЖМ рәмізі» төсбелгісімен Баймухамбетов Марат Мурзагалиевичке берілді. «ҚР ТЖМ құрметті ардагері» медальмен Біржікен Амандық Әбдігалиевич марапатталды.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Федорович Мельников сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде азаматтық қорғау саласында қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, Қостанай облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Селимов Назарали Гаджимагомедович қатысушыларды мерекемен құттықтап, қызметкерлерге алғысын білдірді.