
Қостанай облысының ТЖД ерлік пен өнерді ұштастырған ерекше байқау – «Жігіт сұлтаны – 2026» ұйымдастырылды. Дәстүрлі додаға облыстың аудан,қалаларынан жиналған 26 қатысушы қатысып, өздерінің жан-жақты қабілеттерін үш кезең бойынша сынға салды.
Байқау «Таныстыру» кезеңімен басталып, қатысушылар сахнада өздерін таныстырып, өмірлік ұстанымдары мен қызмет жолын әсерлі жеткізе білді. Екінші кезеңде «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» қағидасын ұстанған құтқарушылар ән айтып, күй тартып, би билеп, шығармашылық қырларын паш етті. Ал үшінші кезең – «Мамандығым – мақтанышым» бөлімінде қатысушылар өз қызметтерінің маңызын көрсететін мазмұнды бейнероликтер ұсынды.
Байқау барысында көрермендер нағыз тартысты додаға куә болды. Қатысушылар тек кәсіби шеберлігімен ғана емес, сахна мәдениетімен, харизмасымен және тапқырлығымен ерекшеленді.
Дода қорытындысы бойынша 8 түрлі номинация иегерлері анықталды.
«Көрермен көзайымы» номинациясын Сарыкөл ауданының ТЖБ ӨСБ-23 өрт-сөндіруші-құтқарушысы Тоққожа Нұрлыбек иеленді.
«Ең креативті жігіт» номинациясын Әулиекөл ауданы №15 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Оразов Ислам иеленді.
«Ең үздік орындаушы» номинациясы Алтынсарин ауданы ТЖБ №14 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы Ғалым Әділет иеленді.
«Ең мәдениетті жігіт» номинациясы Меңдіқара ауданының ТЖБ №9 ӨСБ өрт-сөндіруші-құтқарушысы Кислер Владимир иеленді
«Ең үздік образ» номинациясын- Қостанай қаласы ТЖБ №1 МӨСБ аға инженері Мұратов Дәулет иеленді.
«Ең үздік ұлттық нақыш» номинациясын Наурызым ауданы ТЖБ №20 ӨСБ өрт-сөндіруші-құтқарушысы Букенов Әлібек иеленді.
«Ең жауапты жігіт» номинациясын Лисаков қаласы ТЖБ №3 МӨСБ аға өрт сөндіруші- құтқарушы Тілеубаев Арыстанбаб иеленді.
«Ең заманауи жігіт»номинациясы Амангелді ауданы №26 ӨСБ өрт-сөндіруші-құтқарушысы Мұхтар Арман иеленді.
Бас жүлде-«Жігіт сұлтаны-2026» Арқалық қаласы ТЖБ №4 МӨСБ өрт-сөндіруші- құтқарушысы Рахфат Нұрбол атанды.
Бұл байқау құтқарушылардың тек қызметте ғана емес, өмірде де жан-жақты, өнерлі әрі рухы биік азаматтар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. «Жігіт сұлтаны» – батылдық пен мәдениеттің, кәсібилік пен шығармашылықтың тоғысқан алаңы екенін көрсетті.