
Шиллер Виктор Эгонович — жедел-құтқару жасағының басшысы. Запастағы полковник, өмірі қызметпен және адамдарды құтқарумен тығыз байланысты жан. Оның кәсіби жолы — адам өміріне жауапкершілік пен ісіне адалдықтың айқын көрінісі.
Қызметін 1986 жылы бастап, 2017 жылға дейін жалғастырды. Кейін жедел-құтқару жасағы жүйесінде жұмысын жалғастырып, бүгінгі күнге дейін еңбек етуде. Қызмет жылдары ішінде ол офицерден басшыға дейінгі жолдан өтіп, таңдаған мамандығына адал болды.
1991 жылы Рязань жоғары әскери автомобиль инженерлік училищесін, ал 2007 жылы Ресей Федерациясы ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясын тәмамдады. 2023 жылы оған «2-сыныпты құтқарушы-маман» сыныптық біліктілігі берілді.
Қызмет жылдары ішінде Виктор Эгонович өзімен бірге осы жолдан өткен адамдарды ерекше бағалайды. Ол кәсібінде көптеген сенімді достар тапқанына мақтанады және олармен бүгінге дейін байланысын үзбеген. Өзара көмек пен қолдау — оның қызметінің ажырамас бөлігі. Ол әрдайым көмекке дайын және өз әріптестеріне сенім артады.
Оның өмірлік ұстанымы қарапайым әрі терең: «Бірі үшін бәрі — бәрі үшін бірі». Оның пікірінше, құтқарушы физикалық тұрғыдан дайын, төзімді әрі психологиялық жағынан мықты болуы тиіс. Егер адам бұл мамандықты таңдаса, соңына дейін адал болуы керек — бұл жай жұмыс емес, адамдар алдындағы үлкен жауапкершілік.
Виктор Эгонович — тәжірибелі маман ғана емес, сонымен қатар үлгілі әке, жар және тәлімгер. Оның өмір жолы — қызметке адалдықтың, мінез мықтылығының және өз ісіне беріктіктің айқын үлгісі.