
Іс-шараның мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде жеке құрамның үйлесімді әрекеттерін пысықтау және кәсіби деңгейін арттыру .
Жаттығу сценарийі бойынша өрт қойма ішінде туындап, құрылыс материалдары жанған . Жалын 130 шаршы метр аумаққа таралып, қатты түтіндену орын алды . Нысан қызметкерлері эвакуацияланды, алайда бір адам ғимарат ішінде қалып қойды .
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны зардап шеккенді дер кезінде тауып, құтқарды , кейін ол медициналық апаттар орталығына тапсырылды . Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, шартты өртті сөндірді .
Жеке құрам тыныс алу органдарын қорғау аппараттарында жұмыс істеп, нысандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Оқу-жаттығу нәтижесінде құтқарушылардың жоғары дайындық деңгейі мен төтенше жағдайларға әзірлігі расталды