Қостанай облысы ТЖД-да Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Қостанай облысы ТЖД-да Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тақырыптық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында түрлі ұлттардың ұлттық тағамдары ұсынылды. Қатысушылар дастархандарын ұлттық нақышта безендіріп, өз мәдениеттерінің ерекшеліктерін көрсетті, ұлттық асхана мен дәстүрлер туралы таныстырды. Бағалау кезінде тағамның ұсынылуы, креативтілігі және мазмұндылығы ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша:
 I орын — украин мәдениеті
 II орын — қазақ мәдениеті
 III орын — орыс мәдениеті

Қосымша номинациялар:
«Ең дәмді тағам» — ұйғыр ұлты
«Ең үздік би» — өзбек ұлты
«Ең үздік көрініс» — қазақ ұлты
«Ең көрікті киім» — корей ұлты
«Ең үздік сәлемдесу» — грузин ұлты

Іс-шара ұжымдағы бірлікті нығайтуға, өзара құрметті арттыруға және мәдени әртүрлілікті насихаттауға ықпал етті.