
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 38 жас құтқарушының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл – олардың азаматтық қорғау органдарындағы қызмет жолындағы маңызды кезеңдердің бірі.
Ант қабылдау рәсімі ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушысы Селимов Назарали Гаджимагомедовичтің қатысуымен өтті. Ол өз сөзінде жас қызметкерлерге табандылық, кәсібилік және Отанға адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында жас құтқарушылар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет етуге ант берді. Сондай-ақ, шараға ардагерлер мен департамент қызметкерлері қатысып, жас мамандарға ақ тілектерін жеткізді.
Мұндай салтанатты рәсімдер жас мамандардың қызметке деген жауапкершілігін арттырып, олардың кәсіби рухын нығайта түседі.