
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғау саласында тыңдаушылар санаттарын даярлау және қайта даярлаудан өткізу жоспарына сәйкес көшпелі оқу сабақтарын өткізді.
Оқытуға азаматтық қорғаныс құрылымдарының командирлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Жалпы қамту саны – 93 адам.
Сабақтарды өткізудің негізгі мақсаты – басшылық құрам мен мамандардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы практикалық дағдыларын жетілдіру.
Сабақ барысында азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі, халықты құлақтандыру және эвакуациялау шаралары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері түсіндірілді.
Осындай көшпелі іс-шараларды өткізу азаматтық қорғау саласындағы мамандардың даярлық деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар кезіндегі тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.
Анастасия Троян