Қостанай облысында Азаматтық қорғаныс күні аталып өтті

Қостанай облысында Азаматтық қорғаныс күні аталып өтті

1 наурыз күні Қостанай қаласында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында өрт және авариялық-құтқару техникасының көрмесі өтті.

Іс-шара
«Тұрақты әрі қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару»
ұранымен ұйымдастырылып, халықтың азаматтық қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталды.

Қала тұрғындары мен қонақтары төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын заманауи арнайы техникаларды көріп, авариялық-құтқару жабдықтарының жұмысын тамашалады. ТЖД қызметкерлері өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, екінші құтқару батальонының әскери қызметшілерінің күнделікті қызметі, олардың міндеттері мен жауапкершілігі туралы жан-жақты айтып берді.

Өрт сөндірушілердің қорғаныс жабдықтарына ерекше назар аударылды: жауынгерлік киім, тыныс алу аппараттары, каскалар және жеке қорғаныс құралдары таныстырылды. Әрбір келуші арнайы киімнің құтқарушыларға экстремалды жағдайларда қалай жұмыс істеуге көмектесетінін біле алды.

Іс-шараға сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері қатысып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді.