Қайсар әрі принципшіл: Шолпан Қасенова өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында

Қайсар әрі принципшіл: Шолпан Қасенова өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында

Қостанай облысы ТЖД жүйесінде қабылдаған шешімдері адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мамандар еңбек етеді. Солардың бірі – өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының химия және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы, 16 жылдық еңбек өтілі бар Қасенова Шолпан Төлегенқызы.

Шолпан Төлегенқызы үшін бұл мамандыққа жол бастапқыда аталған саланың ауқымын толық түсінуден басталған жоқ. Уақыт өте келе оның басты миссиясы – адам өмірін сақтау және қауіпті өндірістік нысандардағы апаттардың алдын алу екені айқындалды. Дәл осы түсінік оның кәсіби таңдауына негіз болды.

Мемлекеттік инспектордың жұмыс күні тексеру жоспарларын талдаудан, құжаттармен жұмыс істеуден және бақылаудағы кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасаудан тұрады. Қызметтің маңызды бөлігі – заңнама талаптарын түсіндіру, бұзушылықтарды жою бойынша кеңес беру және нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістерді тұрақты түрде қадағалау. Шолпан Төлегенқызының пікірінше, ең көп ескерілмейтін тәуекел – адами фактор: формалды бақылаудан бастап ескірген жабдықтарды пайдалануға дейінгі мәселелер соған жатады.

Оның қызметтік міндеттеріне мемлекеттік қызметтер көрсету, тексерулер жүргізу, актілер мен нұсқамалар беру, қауіпті өндірістік нысандарды есепке қою және есептен шығару, сондай-ақ оқу-жаттығуларға қатысу кіреді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел әрі қатаң, бірақ қажетті ықпал ету шаралары қабылданады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыс жоғары кәсібилікті және ішкі төзімділікті талап етеді. Әйел мамандарға кейде ұзақ іссапарлар мен физикалық тұрғыдан күрделі жағдайларда еңбек етуге тура келеді. Қызметінің алғашқы жылдарында Шолпан Төлегенқызы нысандарды тексеру барысында резервуарларға көтеріліп, шахталарға түсу кезінде биіктіктен қорқу сезімін жеңе білді.

8 наурыз қарсаңында Шолпан Қасенованың еңбек жолы – әрбір қателік адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін салада әйел адамның да мықты, принципшіл әрі жоғары кәсіби бола алатынының айқын үлгісі.