
Қостанай облысында 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге бағытталған кешенді дайындық жұмыстары жалғасуда. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары, полковник Алексей Советов су тасқыны қаупі бар аумақтардың дайындық деңгейін бағалау мақсатында облыс аудандарына жұмыс сапарымен барды.
Іс-шаралар аясында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен Қарасу және Сарыкөл аудандарындағы су тасқыны қаупі бар учаскелер тексерілді. Қорғаныс және бөгет құрылыстарының жай-күйіне, өзен арналарын тазалау және тереңдету жұмыстарына, сондай-ақ су деңгейін төмендетуге және елді мекендерді қорғауға арналған су бұру арналарының тиімділігіне ерекше назар аударылды.
Қарасу ауданында Новоселовка, Қарамырза, Жамбыл, Восток, Қарасу, Зеленовка, Степное және Октябрьское елді мекендеріндегі су тасқынына қарсы нысандар қаралды. Новоселовка ауылында қоршау дамбасының жағдайы, Кұндызды өзенінің арнасын тазалау және тереңдету жұмыстары, сондай-ақ «Алабота–Құндызды» су бұру арнасының жай-күйі бағаланды. Қарамырза ауылында елді мекеннің қарсы бетінде орналасқан Тюнтюгур өзенінен су бұру арнасы мен қорғаныс валы тексерілді.
Жамбыл ауылында қорғаныс валының жағдайы бағаланды. Восток ауылында грейдер бойындағы топырақ үйіндісі мен қорғаныс валы қаралды. Қарасу ауылында су тасқыны қаупі бағаланып, су бұру арнасының жағдайы тексерілді.
Сондай-ақ Зеленовка және Степное ауылдарындағы қорғаныс құрылыстары мен су бұру арналары тексеріліп, гидротехникалық нысандардың жай-күйіне ерекше назар аударылды. Октябрьское елді мекенінде Тюнтюгур өзеніндегі су қоймасының бірінші және екінші табалдырықтары қаралды.
Сарыкөл ауданында Севастополь ауылында Бозжакөл көлі маңындағы Сарыкөл–Рузаевка автожолының учаскесіндегі су тасқыны қаупі бағаланып, елді мекеннің қорғаныс валы мен су бұру арнасы тексерілді.
Сонымен қатар жұмыс тобы Арқалық қаласына барып, Родина, Батыс, Новый және Северный кенттеріндегі су тасқыны жағдайына баға берді. Ливневтік кәріз желілерінің жағдайына ерекше көңіл бөлінді.
Амангелді ауданында Амангелді, Байғабыл, Есір, Қарасу және Амантоғай елді мекендеріндегі қорғаныс валдары тексерілді. Әулиекөл ауданында Әулиекөл ауылында жыраны тереңдету жұмыстары қаралды.
Сапар барысында Алексей Советов су тасқынына қарсы алдын алу шараларын уақтылы жүргізудің, қауіпті аймақтарды тұрақты бақылауда ұстаудың және қорғаныс құрылыстарының жарамды күйін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша инженерлік қорғаныстың сенімділігін арттыруға және көктемгі тасқын кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасары ТЖМ бөлімшелеріне барып, қызметті ұйымдастырумен және жеке құрамның ықтимал төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге дайындығымен танысты.