Қостанай облысының ТЖД-де өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша «Жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды

Қостанай облысының ТЖД-де өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша «Жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды
Тұрмыста және жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды ақпараттандыру және кеңес беру мақсатында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы базасында «Жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды.
 
«Жедел желі» телефон нөмірлері арқылы Қостанай облысының тұрғындары келесі мәселелер бойынша түсіндірулер мен кеңестер ала алады:
•тұрғын үйлер мен пәтерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
•нысандар мен жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
•өрт шыққан жағдайда іс-қимыл тәртібі;
•өрттің алдын алу және төтенше жағдайлардың профилактикасы;
•мемлекеттік өрт бақылау органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
 
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары өрттің туындау қаупін азайтуға, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған білікті түсіндірулер мен практикалық ұсынымдар беруге дайын.
 
«Жедел желінің» байланыс деректері:
телефон: 8 (7142) 50-49-11
ұялы телефон (WhatsApp): 8 (705) 254-45-22