2020 жылғы 27 қазанда сағат 01:27-де Қостанай қ.1-МӨСБ кезекші диспетчерінің пультіне Қостанай қ., Складская к-сі, 2 мекенжайы бойынша көтерме сауда базарының аумағында асхана жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келгеннен кейін алғашқы бөлімшелер дүңгіршекпен біріктірілген асхана үй-жайының ішінде жалпы ауданы 80 ш.м.құрайтын ашық жалынды анықтады.
Өрт сөндірушілер бірден жұмысқа кірісті, себебі уақыт жоғалтуға болмайды. Жалын аумағы әр минут сайын өсіп,көрші сауда үй-жайларына қауіп төндірді.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан асхананың жанында тұрған жүк көлігінің жүргізушісіне көлікті қауіпсіз жерге көшіруге көмектесті. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт орнынан әрқайсысының көлемі 40 л құрайтын 4 газ баллоны эвакуацияланды.
Өрт 02:14-те ауыздықталып, 03:16-да сөндірілді.
Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 4 өрт сөндіру техникасы мен 17 адам жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Қостанай облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
«Қостанай облысы ТЖД
ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі