
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Килманов өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша конференцияға қатысты. Қарағандыда өткен іс-шара «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік: қиындықтар, шешімдер, заңнама және инновациялар» тақырыбына арналды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған конференцияға Қазақстанның тау-кен компанияларының өкілдері, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары қатысты.
Қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздікке, инновациялық шешімдерді енгізуге және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Бағдарлама аясында QARMET көмір департаментінің басқару орталығына бару қарастырылды, онда өндірістік процестерді бақылау және басқару технологиялары көрсетілді.