Қостанай облысында жоғалып кеткен әйелді іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Қостанай облысында жоғалып кеткен әйелді іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Кеше Сорочинск ауылдық округінің 1961 жылғы тұрғыны мал іздеп шыққан, алайда қалың тұманға байланысты бағытынан жаңылып, үйіне қайта алмай қалған.

 Туыстары оның ұзақ уақыт бойы оралмауына алаңдап, полицияға хабарлаған. Іздеу шараларына жедел түрде ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды.

Бірнеше сағат іздегеннен кейін әйел Сарыкөл ауданына қарасты Краснознаменка мен Қараоба ауылдарының арасындағы шамамен 10 шақырым қашықтықтағы егіс алқабынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады, табылған азаматша үйіне жеткізілді.

ТЖМ ескертеді: ауа райы нашарлаған кезде далаға шықраныз, жақындарыңызға жоспарланған бағытыңызды алдын ала хабарлаңыз және қасыңызда қуаты толық телефон немесе навигациялық құралдар болсын.