Құтқарушы Жұбаныш Бағдат Қостанайда өткен RSFC 4 халықаралық турнирінде жеңіске жетті

Құтқарушы Жұбаныш Бағдат Қостанайда өткен RSFC 4 халықаралық турнирінде жеңіске жетті

Қостанай қаласында түрлі елдердің мықты спортшыларын жинаған RSFC 4 халықаралық турнирі өтті. Рингте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін абыроймен таныстырған – Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінің құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету ротасының қамтамасыз ету взводының аға маман-жүргізушісі, қатардағы жауынгер Жұбаныш Бағдат болды.

Қиын әрі тартысты жекпе-жекте Жұбаныш Бағдат Индонезия (Бали аралы) рейтингінің көшбасшысын сенімді түрде жеңіп, жоғары дайындық деңгейін, ерік-жігері мен рухының мықтылығын көрсетті.

Айта кету керек, қатардағы жауынгер Жұбаныш Бағдат Қазақстанның ұлттық рейтингінде 1-орында тұр және өз чемпиондық белбеуін сәтті қорғап, елдің үздік спортшыларының бірі екенін дәлелдеді.

Жұбаныш Бағдатың бұл жеңісі – жеке жетістік қана емес, сонымен қатар ол қызмет ететін ҚР ТЖМ ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Ол құтқарушы мамандығын абыроймен атқарып, спорттағы табысты мансабын қатар алып жүр.