Қостанай облысы ТЖД басшылығы «KIA Qazaqstan» машина жасау зауытында жұмыс кездесуін өткізді

Қостанай облысы ТЖД басшылығы «KIA Qazaqstan» машина жасау зауытында жұмыс кездесуін өткізді

Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы ТЖД өкілдері құрылыс сатысындағы «KIA Qazaqstan» машина жасау зауытына барды. Жақын арада нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Қостанай облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Назарали Селимов өндірістік үдерістермен және кәсіпорындағы өртке қарсы қорғау жағдайымен танысты. ТОО басшылығымен өрт-тактикалық оқу-жаттығуды биылғы жылдың қараша айында өткізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес беру іс-шараларын қамтитын ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Нысанда автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесі орнатылған. Қазіргі уақытта зауыт аумағында өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа өрт сөндіру автоцистернасын жеткізу күтілуде, бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өртке қарсы сумен жабдықтауға ерекше көңіл бөлінді: жақын арада 20 өрт гидрантын іске қосу жоспарланып отыр, 193 өрт краны орнатылып, толық жабдықталған. Сондай-ақ, өрт сөндіруге қажеттілік туындаған жағдайда су алуға пайдалануға болатын көлемі 1320 текше метрлік өртке арналған су қоймасы қарастырылған.

Кәсіпорында шамамен 1500 жұмыс орнын ашу жоспарланғанын ескере отырып, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Қосымша бақылау қажеттілігі зауыт аумағында жанармай құю станциясының орналасуымен де байланысты, бұл қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етеді.

Қостанай облысы ТЖД кәсіпорынмен ықпалдастықты жалғастырып, өрт қауіпсіздігі мен ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тиімді жүйені қалыптастыру жұмыстарын жалғастыратын болады.