Жылыту маусымына дайындыққа арналған өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Жеке сектордың тұрғындарына ерекше назар аударылады, мұнда суық мезгілде өрт қаупі айтарлықтай артады. Мамандар рейдтерге шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтап, оларды жоюға ықпал етуде.
15 тамыздан бастап облыста 150-ден астам көмірқышқыл газын анықтау құрылғылары орнатылды, бұл тұрғындарды улану қаупі туралы дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді. Бұл ретте мұржаларды тазалау, пеш жабдықтарын тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін барлық саланы қамтитын өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша бейне кітапханаға қолжетімділікпен QR кодтары таратылды. Бұл формат маңызды ақпаратты тұрғындарға жылдам әрі анық жеткізуге мүмкіндік береді.
Жергілікті тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, құтқарушыларға көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.