Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен тағылымды іс-шараға қатысты.

Кітапхана қызметкерлері ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды дәріс оқып, оның адамгершілік, білім мен еңбекке шақырған өсиеттерін жан-жақты талдап берді. Қызметкерлер Абайдың қара сөздерінен және өлеңдерінен үзінділер тыңдап, ұлы тұлғаның қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі жайында құнды мағлұмат алды.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ақынның мұрасының қазіргі заманмен үндестігі, оның жастарды ізгілікке, әділдікке және білімге жетелейтін рухани шамшырақ екені жөнінде пікір алмасты.