Қостанайлық құтқарушы үздік шебер атанды

Қостанайлық құтқарушы үздік шебер атанды

Қостанай өңірінде жұмысшы жастарға арналған облыстық «Үздік шебер» форумы өтті.

 Байқау аясында өңірдің түрлі сала қызметкерлері марапатталып, олардың кәсіби жетістіктері кеңінен насихатталды.

Форум аясында түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді жастардың жетістіктері кеңінен насихатталып, үздік мамандар марапатталды. Солардың бірі – Жүнісов Сүлеймен Болатұлы. Ол «Төтенше жағдайлар және қауіпсіздік саласының үздік маманы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Сүлеймен Болатұлы бұл салада 2018 жылдан бері, яғни 7 жыл бойы табанды еңбек етіп келеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметі мен кәсіби шеберлігі оны осы марапатқа лайық етті.

Шара барысында форум қатысушылары тәжірибе алмасып, еңбекке баулитын шеберлік сабақтарына қатысып, өңірдің үздік жас мамандарымен танысуға мүмкіндік алды.