Департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметіне полковник Назарали Гаджимагомедұлы Селимов тағайындалды.
Назарали Гаджимагомедұлы 1985 жылғы 14 мамырда Ресей Федерациясында дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Ақтау қаласында өткен.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сол жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызметін бастады.
Территориялық бөлімшелерде басшылық етуде мол тәжірибесі бар. 2017 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, 2020 жылы Маңғыстау облысы ТЖД-да, 2021 жылы Астана қаласы ТЖД-да қызметін жалғастырды. 2024 жылғы мамыр айынан бастап Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары болды.
Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Даурен Есімсейітов таныстырды.