2025 жылғы 16–19 шілде аралығында Қостанай облысы, Тобыл қаласындағы “Затоболец” КММ стадионында Қазақстан Республикасы бойынша ерлер арасындағы өрт-құтқару спортынан XXXI жазғы чемпионат, әйелдер арасындағы VII жазғы чемпионат және жасөспірімдер арасындағы XIV жазғы чемпионат өтеді!
Еліміздің барлық өңірлерінен келген ең мықты өрт сөндіруші-спортшылар күш, шапшаңдық, төзімділік пен жауынгерлік дайындықтарын паш етеді!
Сіздерді өрт эстафетасы, шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілер жолағынан өту және басқа да қызықты кезеңдерден тұратын тартысты жарыс күтеді.
Қапы қалмаңыздар!
Өтетін орны: Қостанай облысы, Тобыл қаласы “Затоболец” КММ стадионы
Күні: 2025 жылғы 16–19 шілде
КІРУ ТЕГІН