Қостанай облысының Б.Майлин ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Қостанай облысының Б.Майлин ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бұл шара ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл Құтқарушылары» республикалық бағдарламасын жүзеге асырудың бір бөлігі болды.

Жаңа бекет аудан орталығынан біршама қашықтықта орналасқан Береговое және Нагорное ауылдарының 1500-ден астам тұрғындарын қорғауға арналған.

Елді мекендердің негізгі өрт сөндіру бекеттерінен шалғай орналасуы өртті және басқа да төтенше жағдайларды дер кезінде жоюды қиындатты. Жаңа посттың құрылуы – ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті нығайту және тәуекелдерді азайту жолындағы қадам.

Бөлімшенің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ТЖД балансынан ЗИЛ негізіндегі өрт сөндіру автокөлігі берілді. Бұрын пайдаланылған техникалар жеке құраммен толық қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, өрт сөндіру постының жеке құрамы жұмысқа кірісу үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген: қызметкерлерге ашық алаңқайлардағы өрттерді сөндіруге арналған жаңа формалар мен сөмкелердегі өрт сөндіргіштер берілді. Бұл жету қиын ауылдық жерлерде өртті жоюдағы ұтқырлық пен тиімділікті айтарлықтай арттырады.

Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы орган негізінде жұмыс істейді және шалғай елді мекендердегі әрекет ету жүйесінің маңызды бөлігіне айналады.