Балалардың қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді үйретуге бағытталған байқауға оқушылар белсенді қатысты. Іс-шара барысында балалар түрлі тапсырмалар арқылы өздерінің ептілігі мен біліктілігін көрсетті. Әсіресе «Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер» байқауы қызықты әрі пайдалы өтті. Қатысушылар өрт, су тасқыны және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс қимылдарды көрсетіп, шұғыл әрекет ету машығын көрсетті.
Қазылар алқасы балалардың батылдығы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті. Шара соңында барлық қатысушылар «нағыз бүгінгі күннің батырлары» деп танылып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жүргізушілер балаларды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, білім мен жауапкершілік екенін атап өтті. Бұл шара балалардың қауіпсіздігіне деген назарды арттырып қана қоймай, оларды болашақта батыл әрі жауапты азамат болуға ынталандырды.