«Бала қауіпсіздігі – басты назарда»: Қостанайда балаларға арналған танымдық іс-шара өтті

«Бала қауіпсіздігі – басты назарда»: Қостанайда балаларға арналған танымдық іс-шара өтті

Қостанай облысында балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдыларын үйрету мақсатында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» атты кең ауқымды танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Оған Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жедел-құтқару жасағы, азаматтық қорғаныс бөлімінің мамандары және Апаттар медицинасы орталығының өкілдері және кинолог мамандары қатысты.

Балалар үшін арнайы дайындалған бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда балалар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрді. Қорғаныс киімдерін киіп көріп, өрт сөндіру көлігінің ішкі құрылымын зерттеді. Бұл тәжірибе балалардың қызығушылығын оятып, батыл мамандық иелеріне деген құрметтерін арттырды.

Бұдан бөлек, балалар арнайы үйретілген иттердің дағдыларын тамашалады. Кинолог мамандар балаларға иттердің қалай жаттығатынын, олардың төтенше жағдайларда қандай көмек көрсете алатынын түсіндірді.Іс-шара соңында балалар қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін меңгеріп, төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі жайлы құнды ақпарат алды.Мұндай танымдық кездесулер балалардың өмірлік маңызды білім мен дағдыларды ерте жастан меңгеруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, оларда жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.