"ҚР ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" ММ өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары 2025 жылдың 19 мамырдан бастап 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамының Краснооктябрь боксит кен басқарма филиалы қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі боксит өндіру болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында Аят боксит кен орны: карьерлер, ұсату-сұрыптау кешені, жару жұмыстары, жанар-жағар май материалдарының қоймасы, жанармай құю станциялары, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен, компрессор станциялары Красногорский боксит кен орны: карьерлер, ұсату-сұрыптау кешені, жару жұмыстары, жанар-жағар май материалдарының қоймасы, жанармай құю станциялары, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен; орталық өнеркәсіптік алаң: жанар-жағар май материалдарының қоймасы, жанармай құю станциялары, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен, зертхана, прекурсорлар қоймасы сияқты объектілер зерттелді.