Сапар аясында вице-министр Рамиль Камалов Қостанай облысының Козыревка ауылына барып, құрылыс жүріп жатқан көпірді көріп қайтты.
Бұл көпір жергілікті тұрғындар үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан болып табылады. Жаңа өткел көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, елді мекеннің қауіпсіздігін арттырады.Одан кейін вице-министр Рудный қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды. Мұнда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көзбен көріп, қызметкерлермен пікір алмасты. Ол ғимараттың жағдайын бағалап, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, сала мамандарына рух беріп, олардың қызметіне жоғары баға берді.
Жұмыс сапары Қостанай қаласында жалғасты. Вице-министр облыс орталығындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, манежде жүргізіліп жатқан жұмыстыбақылап, материалдық-техникалық базамен танысты. Сапар барысында бөлім ішіндегі музейге де арнайы ат басын бұрып, өңір құтқарушыларының тарихына шолу жасады.Мұндай жұмыс сапарлары төтенше жағдайлар саласындағы инфрақұрылымды жақсарту мен қызметкерлерді қолдауға бағытталған нақты шаралардың бірі екені сөзсіз.