Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шара Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинар-кеңесте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнама талаптары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) негізгі ережелері мен өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік органдардың қызметіне қойылатын талаптар, сондай-ақ құқықтық процедуралардың ашықтығы мен заңдылығы туралы айтылды.
Сонымен қатар қатысушыларға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №2 бұйрығының негізгі қағидалары түсіндірілді. Аталған бұйрық жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарау бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Семинар барысында қатысушылар практикалық мысалдар негізінде туындайтын өзекті сұрақтарды талқылап, құқық қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Қарағанды облысы ТЖД
