Жеңіс рухына адал, Отанға берілген: жаңа құтқарушылар – қорғаушылар сапында

Жеңіс рухына адал, Отанға берілген: жаңа құтқарушылар – қорғаушылар сапында

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қарағанды облысы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойып, Отан қорғау жолында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Бұл күні ерекше маңызға ие болған шара – жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі болды. Болашақ өрт сөндіруші-құтқарушылар қызметтік борыштарын абыроймен орындауға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, мемлекеттің мүддесін қорғауға және халыққа адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Осы сәттен бастап олар Төтенше жағдайлар департаментінің толыққанды қызметкерлері атанды.

Олардың әрқайсысы қоғамға қызмет етуді – төтенше жағдайлармен күресте алдыңғы шепте болуды, қиындыққа тап болғандарға көмектесуді, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді саналы түрде таңдады. Бұл мамандық ерлік пен жанқиярлықты, сондай-ақ жоғары жауапкершілікті талап етеді.

Салтанатты рәсім ТЖД бөлімшелерінің салтанатты шеруімен аяқталды. Бұл жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайын екендігінің символы болды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі