Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері футбол алаңында бақ сынасты

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері футбол алаңында бақ сынасты

Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері қызметкерлері арасында Жеңістің 80 жылдығы мен Азаматтық қорғау саласының 30 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өтті.
Аталған турнир жеке құрамды патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану мен дене шынықтыруды насихаттау, сондай-ақ қызметкерлер арасынан үздік спортшыларды анықтау мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады.
Турнирге Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінен 18 футбол командасы қатысып, бақ сынады. Сайыс нағыз бәсекелестік рухта өтіп, әр команда жеңіске деген жігері мен табандылығын көрсете білді.
Тартысты ойындар нәтижесінде Балқаш қаласының №4 МӨСБ командасы турнир жеңімпазы атанды. №2 МӨСБ командасы жүлделі екінші орынды иеленсе, үшінші орынды №11 ӨСБ командасы қанжығасына байлады.
Турнирдің «Үздік қақпашысы» номинациясы бойынша №4 МӨСБ қызметкері Жансері Әскен танылса, ал «Турнирдің үздік ойыншысы» атағы №2 МӨСБ бөлімше командирі Мерей Уйсинбаевқа бұйырды.
Мерекелік турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Қарағанды облысы ТЖД